Екібастұзда ірі апат болды: оқиғаның видеосы жарияланды

0
555

Жолы бойындағы қайта жөндеуден өткен аумақты толығымен су басқан.


Екібастұзда ірі апат болды: оқиғаның видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Екібастұздағы көшелердің бірінде апат болды, жылу трассасындағы жөндеу жұмыстары кезінде тығын ашылып кетіп, су жолға шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Жолы бойындағы қайта жөндеуден өткен аумақты толығымен су басқан. Әлеуметтік желілерде коммуналдық апаттың видеосы тарап жатыр.



Екібастұз қаласының әкімдігі мәліметінше, 18 мамырда сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында диаметрі 820 миллиметр болатын ТМ-2 реконструкцияланған учаскесінің тығынында зақым анықталған.

"Қазіргі уақытта учаске ажыратылды, жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйымның "Екібастұзтеалоэнерго" ЖШС жөндеу персоналы жұмысқа тартылды, жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі сағат 14.00-ге дейін", - деп жауап берді Екібастұз әкімдігі өкілдері.

Павлодар облысының әкімдігі параллельді траншеялардан суды сору жұмыстары жүргізіліп жатқанын, одан кейін жөндеу жұмыстары жалғасатынын қосты.