Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті – видео

0
2 406

Қылмыс қаладағы ықшамаудандардың біріндегі аулада болды. Көз жұмған ер адам далаға қоқыс төгуге шыққан.


Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті – видео

ERNUR.KZ. Екібастұзда тапа-тал түсте ер адамды атып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Кісі өлтіру сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қайғылы оқиға таңертеңгі сағат 08:00 шамасында қаладағы ықшамаудандардың бірінің ауласында болған.

Полиция хабарлағандай, белгісіз біреу аулада ер адамға оқ атқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Қазір қылмысқа күдікті азаматты анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыскердің кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.