Екібастұзда кондуктор мен бақылаушы төбелесті

0
421

56 жастағы кондуктор мен 36 жастағы бақылаушы арасында анықталған заң бұзушылықтың кесірінен жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.


Екібастұзда кондуктор мен бақылаушы төбелесті

ERNUR.KZ. Екібастұзда 2 мамыр күні кондуктор мен бақылаушы арасында жанжал туып, кондуктор медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды, деп жазады Zakon.kz.

"Учаскелік инспектор маршруттық автобустардың бірінде кондуктор жол ақысын төлемеген жолаушыны анықтаған, оның абонементі болмаған. 56 жастағы кондуктор мен 36 жастағы бақылаушы арасында анықталған заң бұзушылықтың кесірінен жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан кондуктор медициналық көмек алу үшін ауруханаға баруға мәжбүр болды", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Осы факті бойынша тергеу амалдары жүріп. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша шешім шығарылады.