Екібастұзда механик қаза тапты

0
564

Көз жұмған адам 1980 жылғы азамат.


Екібастұзда механик қаза тапты

ERNUR.KZ. Жұмысшының көз жұмғаны туралы ақпарат Іnstagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Аталмыш фактіні облыстық еңбек басқармасында растады.

"Көз жұмған адам 1980 жылғы азамат. Өндірістік жұмыс кезінде жарақат алғаны туралы хабарлама түсті", - дейді басқармада.

Ведомствода қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізілетінін хабарлады.