Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшірілді

0
594

Балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейді.


Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшірілді

ERNUR.KZ. Екібастұзда мектеп оқушылары мен колледж студенттері оқу орындарындағы ауа температурасының төмендеуіне байланысты қашықтықтан оқытуға көшірілді, деп жазады sputnik.kz.

Балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейді.
ЖЭО-да жылу беру параметрлерінің төмендеуіне байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі температура санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.
Хабарланғандай, қалада жылу беру температурасын реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Стандартқа сәйкес ол 77/53°С (шығару орнында) болуы керек.
Бүгінде нақты көрсеткіші 64/45°С (шығару орнында). Бұл кезде сыртқы ауа температурасы -21°С-қа жетеді.