Екібастұзда пәтер тонамақ болған режиссер ұсталды

0
668

Шығын көлемі 11300 теңгені құраған.


Екібастұзда пәтер тонамақ болған режиссер ұсталды

ERNUR.KZ. Кеншілер қаласында ұрланып кірген 32 жастағы тұрғынды пәтер иесі ұстап алған, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменітінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Таңертеңгі уақытта кеншілер қаласының 58 жастағы тұрғыны жұмысына аттанып, пәтерді кілтпен жапқан, - деді баспасөз қызметінде.

Бір сағаттан кейін оралғанда, әйел адам құлыпты аша алмаған. Өйткені ол ішінен жабылып қалған. Төменгі құлып ұңғымасына қарап, ол пәтерде біреу жүргенін көреді. Пәтер иесі белгісіз адамның шыға алмауы үшін жоғарғы құлыпты кілтпен жабады. Содан кейін полицияны шақырған. Келген полиция қызметкерлері есікті ашып, бұрын сотталған, қала тұрғыны болған «режиссерді» ұстады.

Пәтер иесі үйін қарап шығып, бірқатар заттар мен есіктің үш кілттер жинағы жоқ екенін анықтады. Шығын 11300 теңгені құрады. Ұсталған адамның айтуынша, ол өзінің танысын іздеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Екібастұз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.