Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті

0
372

Жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.


Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті. Қайғылы оқиға 24 мамыр күні сағат 13.45-те Абай көшесінде орын алған, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2017 жылы туған кішкентай бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін хабарлады.

"Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өтуде. Көкбауырын алып тастады. Есін біледі", - деді басқармада.
Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады.