Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты

0
582

Қазіргі кезде тексеру жүргізіліп жатыр.


Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 ақпанда болған.

«Қаладағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 доңғалақты тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсу кезінде аударылып кеткен. Алған дене жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

«Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.