Екібастұзда жеті жасар қыз жоғалып кетті

0
1 230

Павлодар облысында полицейлер кешелі бері жоғалып кеткен 7 жасар қызды іздестіріп жатыр.


Екібастұзда жеті жасар қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған, деп жазады Zakon.kz.


Қыз баланың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те келіп түсті.

Дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы аяғынан тік тұрғызылып, баланың жоғалғаны туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды, іздеу жұмыстарына Vita еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар да қосылды.

"Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен бірге демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Бірақ Милана үйден шыққанда ол жаққа барудан бас тартқан", делінген полиция хабарламасында.

Егер аталған факт бойынша қандай да бір ақпарат білгендер болса, 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Милана Давыдова 2015 жылы туылған. Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылындағы мектепте 3-сынып оқиды. Бойы - 128-130 см, дене бітімі арық, көздері қоңыр, шаштары ашық. Үстіндегі киімі: қара куртка, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті жемпір, қара етік.