Экология министрі Ақтөбеге аттанды

0
1 117

Ол гидрологиялық жұмыстарға байланысты туындаған мәселені шешеді.


Экология министрі Ақтөбеге аттанды

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ақтөбеге жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мағзұм Мырзағалиев өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмауына байланысты туындаған мәселені зерделеу үшін Ақтөбеге ұшады.
Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке тапсырма берді.

"Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Министрлікте экологтарды, кәсіби мамандарды тарта отырып, жағдайды объективті зерттеу жұмыстары басталды. Министрдің сапары нәтижелері және қажетті шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.