Екпені сынамамен шатастырып алған дәрігерлер кеше келген жас маман емес

0
485

Ақтөбеде 42 балаға манту мен БЦЖ екпесін алмастырып алған дәрігерлерге қатысты прокурорлық тексеру басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басақармасының басышысы Рустем Исаев мәлімдеді.


Екпені сынамамен шатастырып алған дәрігерлер кеше келген жас маман емес

ERNUR.KZ. Ал Ақтөбе қаласы Рауаш шағын ауданындағы №74 мектептің екпе алған 1-сынып оқушыларының жағдайын дәрігерлер бақылауға алған, деп жазады inbusiness.kz.

"13 қыркүйекте жасалған. Бұл мәселені екі жетіден кейін білдік. Балалардың қолы іріңдей бастаған. Бұл жерде медбикенің қателігінен мантудың орнына БЦЖ жасалды. БЦЖ ол әлсіз вакцина штамнан жасалады. Бұл вакцина баланың денесінде ешқандай туберкулез тудырмай, керісінше, иммунитет қалыптастырады. Негізі БЦЖ алдында манту жасау керек еді, ол – диагностика, баланың ағзасында туберкулез бар ма, анықтау үшін керек. Егер сынама орны үлкеймесе, сонда ревакцинация жасайды. Қателік болды, жұмыс жасалып жатыр. Ата-аналарына түсіндірдік, қауіп жоқ. Қазір бұл мәселе бойынша екі комиссия жұмыс жасап жатыр. Оның құрамына біздің басқармадан, СЭС, дәрігерлер-фтизиатр, инфекционистер, иммунологтар кірді. Екінші комиссия - облыстық білім басқармасы шағым түсірген медициналық қызмет сапасын бақылау комитетіне. Олар бөлек комиссия құрып, жұмыс жүргізіп жатыр. Прокурорлық тексеру басталды", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Бірінші сынып оқушыларына сынама орнына екпені шатастырып салған дәрігер мен медбике тәжірибелі мамандар болып шықты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, педиатрдың еңбек өтілі 34 жыл, ал медбике 16 жыл осы салада еңбек еткен. Рүстем Исаев екі маманды да қызметтен босату мәселесін көтергенін айтты.