Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінім қабылдана бастады

0
463

Елімізде экспорттаушылардың шығынын өтеуге өтінім қабылдау басталды.


Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінім қабылдана бастады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі операторы 24 наурыз сағат 9.00-ден 24 сәуір сағат 17.00-ге дейін шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды», - делінген ведомство ақпаратында,

Министрлік мәліметінше, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінім мына сілтемеде қабылданады Анықтама телефоны: 8(7172)768511, 8(7172)768588.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат веб-порталда жарияланған.