Ел азаматтары бір жолғы төлемге қосымша ақы - 21 250 теңгені ала бастады

0
652

Алдағы уақытта қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.


Ел азаматтары бір жолғы төлемге қосымша ақы - 21 250 теңгені ала бастады

ERNUR.KZ. Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлемді алушы 799,6 мың алушыға қосымша ең төменгі жалақының 0,5 көлемі (бұдан әрі - ең төменгі жалақы) - 21 250 теңге тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Алдағы уақытта қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.
Бұрын хабарланғандай, 2020 жылы шілдеде МӘСҚ-дан біржолғы төлем алған қазақстандықтар карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақыны автоматты түрде алады. Құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ.

- Карантин ұзартылғаннан кейін бір реттік төлемді тағайындауға бірінші рет жүгінген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 63 750 теңге (42,500 + 21,250 теңге) мөлшерінде тағайындалады, - деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.