Елбасы Әлімғазы Райымбековтың отбасына көңіл айтты

0
2 519

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.


Елбасы Әлімғазы Райымбековтың отбасына көңіл айтты

Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.


«Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.


Бүгін «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков 85 жасында өмірден озды.
Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.
1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Бұдан бөлек, «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түскен.