Елбасы Асқар Маминді қабылдады

0
816

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.


Елбасы Асқар Маминді қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.