Елбасы Бауыржан Байбекке бірқатар нақты тапсырмалар берді

0
882

Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдау жұмыстары туралы баяндады.


Елбасы Бауыржан Байбекке бірқатар нақты тапсырмалар берді

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Елбасына «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндады.

Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.