Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдап бірқатар тапсырма берді

0
970

Партия төрағасы ел аймақтарындағы бастауыш партия ұйымдары мен "Нұр Отан" филиалдарының жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.


Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдап бірқатар тапсырма берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Elbasy сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияны жаңғырту жоспарының орындалуы, сондай-ақ Түркістан облысының Арыс қаласын қалпына келтіруге "Нұр Отанның" қатысуы туралы есеп берілді.

"Нұр Отан" партиясы - елдің басты саяси күші. Партия халыққа жақын болып, олардың мұң-мұқтажын біліп, оны жоюға барын салу керек. Біздің қоғамның мәселелерін шешуге ат салысуы керек. Сонымен қатар, партиямыздың кадрлық құрамын мұқият зерделеу қажет. "Нұр Отан" одан әрі дамуын жалғастыруы керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Партия төрағасы ел аймақтарындағы бастауыш партия ұйымдары мен "Нұр Отан" филиалдарының жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

"Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен, Саяси кеңес мүшелерімен, партияның облыстық филиалдарының басшыларымен болатын кездесулер таяп қалды. Ұйымның барлық бөлімшесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардағы партия фракцияларының Үкіметтің және әкімдердің қызметіне бақылауды түбегейлі арттыру қажет, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев орталықтағы және елді-мекендердегі партиялық бақылауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Халықпен "кері байланыс" тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне, оның ішінде партияның қоғамдық қабылда қызметіне баса назар аударылды. Кездесу соңында Елбасы партияны қайта жаңғырту, іске қосу бағдарламасын әзірлеуді және оны "Нұр Отан" Саяси кеңесінің Бюросына жіберуді тапсырды.