Елбасы Бибігүл Төлегеновамен кездесті

0
852

Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.


Елбасы Бибігүл Төлегеновамен кездесті

Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті.

"Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды", – деді Елбасы.

Өз кезегінде Б.Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.

"Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін", – деді КСРО халық әртісі.