​Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

0
1 108


​Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

сурет:baribar.kz

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.