Елбасы Элеонора Баталованы қабылдады

0
729

Э.Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.


Елбасы Элеонора Баталованы қабылдады

Елбасы «Алматыкітап Баспасы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің елдегі баспа ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

"Сіздің жетекшілігіңізбен «Алматыкітап» жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қызықты әрі жақсы кітаптар шығарасыздар", - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Э.Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.