Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

0
1 069

Канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген Геннадий Головкинге Елбасы құттықтау хат жолдады.


Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

«Өзіңді шыңдауың және ұдайы ұмтылысың саған көптеген спорт шыңдарын бағындыруға мүмкіндік берді, ол қазақстандық спортшылардың жаңа буыны үшін үлгігі айналды», деп жазды Елбасы құттықтау хатында.

Еске сала кетсек, Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген еді.