​Елбасы көрнекті ғалыммен кездесті

0
1 067

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.


​Елбасы көрнекті ғалыммен кездесті

Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

М.Жолдасбеков Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттарды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.