Елбасы Қырғыз Республикасының президентімен кездесті

0
1 051

Кездесу барысында Елбасы түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.


Елбасы Қырғыз Республикасының президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан түркі әлемінің барлық елдерімен серіктес. Мен Кеңестің көптеген институттарын құруға бастамашы болдым. Ең маңыздысы – елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Елбасының Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады.