Елбасы Сағынтаевқа ағылшын тілін үйрететін көмекшілерді тауып берді

0
1 047

"Премьер-министр қарқынды түрде ағылшын тілін үйреніп жатыр, оған көмектесіңдер," - деді Президент.


Елбасы Сағынтаевқа ағылшын тілін үйрететін көмекшілерді тауып берді

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қарқынды түрде ағылшын тілін үйреніп жатқанын айтты, деп жазады тengrinews.kz.

Мемлекет басшысы 6 қарашада өткен Astana Hub шарасында қазақстандық стартап-компаниялармен және жас кәсіпкерлермен әңгімелесіп қайтқан болатын. Кәсіпкерлердің бірі Назарбаевқа ағылшын тілін меңгерудің тиімділігін 2-3 есеге арттыратын жоба жайлы айтып берді.

"Премьер-министр қарқынды түрде ағылшын тілін үйреніп жатыр, оған көмектесіңдер," - деп әзілдеді Президент.