Елбасының жастарды жігерлендіретін видеосы жарық көрді

0
965

Білім мен адамгершілік – мәңгілік.


Елбасының жастарды жігерлендіретін видеосы жарық көрді

ERNUR.KZ. Қазақстан Президент телерадиокешені Instagram парақшасында Елбасының жастарға арналған мотивацияға толы видеосын жариялады, деп жазады 24.kz.

Видеода Нұрсұлтан Назарбаев: «Жастарды нақты нәрселермен шабыттандыру керек. Ең бастысы – адам болу, білім алу, жақсы мамандықтың иесі болу, бұларды сіздерден ешкім тартып ала алмайды. Ақша, баспана, тағы басқалары уақытша болуы мүмкін. Ал білім мен адамгершілік – мәңгілік. Мен сіздерді осыған үндеймін. Сонда өмірде кез келген асуды бағындырасыздар», -делінген.