Эльдар Толғанбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

0
510

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында туған.


Эльдар Толғанбаев  Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында туған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д.Қонаев атындағы университетті аяқтаған.

Соңғы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.