Елде электр энергиясы тапшылығын болдырмау үшін Ресейден 400 кВт/сағат энергия сатып алынады

0
448

Өмірлік маңызы бар нысандардың жарықсыз қалуына жол берілмейді.


Елде электр энергиясы тапшылығын болдырмау үшін Ресейден 400 кВт/сағат энергия сатып алынады
ERNUR.KZ. Жамбыл және Мойнақ электр стансаларындағы қосымша блоктар іске қосылды, деп жазады 24.kz.


Ондағы қор сұранысты өтеуге жеткілікті. Бұл туралы Қазақстан электр желілерін басқарушылар мәлімдеді. Өмірлік маңызы бар нысандардың жарықсыз қалуына жол берілмейді. Дегенмен, елдегі генерация қуаты қазіргі сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз.

"Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы диспетчерлік қызмет бастығының орынбасары – ҚР біртұтас электр энергиясы жүйесі Ресей жүйесімен және Орталық Азия жүйесімен параллель жұмыс жасауда. Қазіргі таңда тұтыну мөлшері 15 мың мВТ құрайды. Шектеулер әзіргі таңда қолданылып жатқан жоқ. Мойнақ ГЭС екі блогы іске қосылды, ол үш жүз мВт. Күні кеше Жамбыл ГРЭС қостық, ол 200 мВт. Жалпы айтқанда, жағдай тұрақты", - деді, Нияз Алпыспаев.