​Елде күнбағыс майының бағасы 20 пайызға қымбаттады

0
830

Бұдан бөлек, елде электронды техниканың да құны 2,5%-ке қымбаттауы мүмкін.


​Елде күнбағыс майының бағасы 20 пайызға қымбаттады

иллюстрациялық фото

Елде күнбағыс майының бағасы 20 процентке қымбаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

500 мың тоннадан аса өнім жиналғанына қарамастан, Өскеменде майдың бағасы екі есеге өскен. Жауаптылар бұған күнбағыс құнының шарықтауы себеп дейді. Келісі 120 теңгеден саудаланған күнбағыс қазір 170 теңгеге дейін көтерілген.

Сонымен 375 теңгеден сатылған өсімдік майы қазір шығыстағы кейбір дүкендерде 600 теңгеден саудаланып жатыр. Бұдан бөлек, елде электронды техниканың да құны 2,5%-ке қымбаттауы мүмкін.

Бағаның өсуіне техниканы импорттаушыларға салынатын қосымша квази салық себеп болады, дейді кәсіпкерлер.