Елдегі барлық футбол алаңдары тексеріледі - Асхат Оралов

0
424

Кеше Астанадағы №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды.


Елдегі барлық футбол алаңдары тексеріледі - Асхат Оралов

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов елдегі барлық футбол алаңдары тексерілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз спортты дамыту бойынша 7 жылға тұжырымдама әзірледік. Қазір министрлік ауқымды инвентаризация жүргізіп жатыр. Елімізде 43 мың спорт нысаны бар – мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы беріп отыр. Қазір пилоттық режимде екі өңірде инвентаризация басталды, жыл соңына дейін еліміздегі барлық футбол нысандарын түгендегіміз келеді. Осыдан кейін біз олардың қандай жағдайда екенін және әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, қандай шаралар қабылдау керектігін көрсете аламыз», - деді Асхат Оралов Үкімет қабырғасында.

Еске сала кетсек, кеше Астанадағы №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетсек, маусым айында Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Ал, мамыр айында 13 жасар бала Теміртаудағы спорт кортында жарақат алды. Баланың басына футбол қақпасы құлаған.