Елдегі көлік саны 5 миллионнан асты

0
900

Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.


Елдегі көлік саны 5 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Қазақстандағы көлік саны 5 миллион межесінен асты, деп жазады sputnik.kz.

"2023 жылғы шілдеде 169,3 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты", - делінген хабарламада.

Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

Жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың, Алматы қаласында – 200,7 мың, Астанада – 153,7 мың, Қарағанды облысында-151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың көлік.