Елдегі зейнеткерлер зейнетақысының жартысын тамаққа жұмсайды

0
478

​Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді: : 73% немесе 51,3 мың адам.


Елдегі зейнеткерлер зейнетақысының жартысын тамаққа жұмсайды

ERNUR.KZ. Зейнеткерлердің азық-түлік шығындары бойынша рейтингте Қазақстан 44 елдің арасында 37-орынға ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

Елдегі зейнеткерлер зейнетақысының 47,2% тамақ сатып алады. Рейтингтегі ТМД елдері елдері арасында Қазақстан көрсеткіші ең жоғары болып саналады.

Мысалы, Ресейде зейнеткерлер тамаққа зейнетақысының 58,9% жұмсайды, Молдовада – 59,2%, Беларусьте – 76,7%, Украинада – 84,9% (рейтингтегі ең төмен көрсеткіш). Рейтингтің көшбасында Норвегия (мұнда зейнеткерлер зейнетақының тек 13,4% тамаққа жұмсайды), Австрия (13,7%) және Франция (14,3%) тұр.

Тізімдегі елдер арасында ең көп зейнетақы Норвегияда – 2017 доллар. Үздік үштікке Швейцария (1913 доллар) және АҚШ (1663 доллар) енді. Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие. Алайда елдегі зейнеткерлер 220 доллар көлемінде зейнетақы алады. Ресейде зейнеткерлерге орташа есеппен 203 доллар төленеді, Беларусьте – 183 доллар, Молдовада – 143 доллар, Украинада – 123 доллар.

2021 жылғы дерек бойынша елде 65 жастан асқан 1,6 млн зейнеткер бар. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3% артық. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі – 4,3%. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2% немесе 48,7 мың адам – тәуелсіз қызметкерлер, ал 22,6% немесе 15,9 мың зейнеткер –жалдамалы қызметкерлер. Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, 46 адам шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары және акционерлері, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып саналады.

Зейнеткерлердің басым бөлігі АӨК саласында жұмыс істейді: 73% немесе 51,3 мың адам. Сондай-ақ олар көтерме сауда, ритейл және көлік жөндеу, көлік-логистика саласында да еңбек етіп жүр.

Айта кетейік, биыл наурызда зейнетақының орташа мөлшері – 105,3 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2% артық. Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер тұрады.