Елдегі жанармай қоры қаншаға жетеді - министр жауап берді

0
407

Министр жанармай тапшылығы туындаған жағдайда не істейтіндеріне тоқталды.


Елдегі жанармай қоры қаншаға жетеді - министр жауап берді

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі бензиннің қоры нақты қанша күнге жететітіні туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша бізде АИ-92 маркалы бензиннің қоры 23 күнге жетеді. АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 күнге, дизельдің қоры 29 күнге жетеді. Бұл – бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай», - деп атап өтті ведомство басшысы Үкімет отырысының кулуарында.

Сонымен қатар, министр жанармай тапшылығы туындаған жағдайда не істейтіндеріне тоқталды.

Ол атағандай, жанар-жағармайдың бағасын қолдан қымбаттату, алып сату әрекеттері жиілейді.

«Сол үшін бұл бағытта тиісті шаралар қабылданып жатыр деп отыр.
АИ-95 маркалы бензиннен басқа қандай да бір жанармайдың бағасының күрт өсуін болдырмаймыз деп ойлаймын. Өйткені оны Ресейден импорттауға тура келеді. Қазір АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 тәулікке жетеді. Павлодар мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты, Шымкент зауытының АИ-95 маркалы бензиннің өндіріс көлемін азайтуына байланысты нарықты Ресей Федерациясынан алдыратын импорт арқылы ғана толық жабамыз деп күтіп отырмыз. Ресеймен тиісті келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізге шамамен 40 мың тоннадай АИ-65 маркалы бензин импорттау қажет. Келіссөз жүріп жатыр. Қазір «Газпром нефть» жеткізе бастады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.