Елдегі жеті әуекомпанияның сертификаттары тартып алынды

0
481

"КАМА", "Қазавиақұтқару", Falcon атты үш әуеакомпаниясының авиациялық оқу орталықтарының сертификаттары тоқтатылған.


Елдегі жеті әуекомпанияның сертификаттары тартып алынды

ERNUR.KZ. 2019 жылдан бастап 934 тексеру және сертификаттау жүргізіліп, ұшу үшін 1500-ге жуық рұқсат құжаттары берілді, деп жазады stan.kz.

Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірген жеті әуекомпанияның пайдаланушы сертификаттары тоқтатылды немесе кері қайтарылды. Олар:B&K Aero, Jupiter Jet, AirControl," Ақ-Сұңқар", QazaqHelicopters, PoliaRis, “Южное небо". Сондай-ақ Ақтөбе, Шымкент, Жезқазған, Петропавл, Талдықорған, Балқаш әуежайларының ұшу-қону жолақтарын пайдалану уақытша тоқтатылды", – деді Қарабаев.

Ведомствоның мәліметінше, Jupiter Jet, Air Control, avionic, B&K Aero (B737) деген төрт әуекомпаниясының ұшу жарамдылығы сертификаттары мен техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарының сертификаттары тоқтатылды.

"КАМА", "Қазавиақұтқару", Falcon атты үш әуеакомпаниясының авиациялық оқу орталықтарының сертификаттары тоқтатылған.