Елден жарты миллион доллар ақша әкетпек болғандар ұсталды

0
543

Ұсталған ер адам пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.


Елден жарты миллион доллар ақша әкетпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. 2022 жылғы мамырда шекарашылар "Ауқатты" автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды, деп жазады tengrinews.kz.

Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті ү.ж. 14 наурызда "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" №830 Жарлыққа қол қойған.

Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

Ұсталған ер адам пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.