Елек өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 2 метрге жуық көтерілді

0
654

Батыс Қазақстан Шыңғырлау ауданының елдімекендерін су басу қаупі бар.


Елек өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 2 метрге жуық көтерілді

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Дауылды ескерту! Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау аулының Елек өзені гидрологиялық бекетінде судың деңгейі тәулік ішінде 1 сәуір сағат 08:00-де +186 см. көтеріліп, қауіпті деңгейден асып, 785 см құрады. Су келуде, су деңгейі РФ Орынбор облысынан келіп түсуінен өсуде.
Қауіпті деңгей - 750 см.
Су 750 см деңгейден асқанда Ресей Федерациясының тарапынан өзен жайылмасына шығады, деңгей 800 см асқан жағдайда ағын бойынша төменде орналасқан Шыңғырлау ауданының елдімекендерін су басу қаупі бар.
Сіздерден эвакуацияға дайын болуды, қажетті құжаттар мен заттарды жинауды, бірнеше күндік азық-түлік қорын дайындауды сұраймыз. Жарияланған эвакуациялық пункттер жөнінде біліп отырыңыз", - деп жазылған Батыс Қазақстан облысы әкімдігі хабарламасында.