Электр энергиясының өшу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды

0
485

25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылған болатын.


Электр энергиясының өшу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды

Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясының өшу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды энергиясыз қалдырған "КЕGOC" АҚ электр желілеріндегі технологиялық заң бұзушылықтың туындау себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды", - деп мәлімдеді энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеріс нәтижесі бойынша мұндай технологиялық заң бұзушылықтарға алдыңғы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16.00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірінде жарық қайта берілді.