Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" үшінші кезеңіне өтті

0
664

Енді "Ролан Гаррос-2023" турнирінің үшінші раундында Рыбакина WTA рейтингінің 132-сатысында тұрған испандық Сара Соррибес Тормомен кездеседі.


Елена Рыбакина

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігінің жекелей сынында Чехияның тағы бір өкілі – Линда Носкованы ұтып, үшінші айналымға шықты, деп жазады zakon.kz.

1 маусымда әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 50-орында тұрған Линда Носковамен еш қиындықсыз жеңді. Бастапқы сетте екі брейк жасаған әлемнің 4-ракеткасы оны 46 минутта 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Екінші ойында Рыбакинаға аянбай тер төгуге тура келді. Ал жетінші ойында Линда қазақстандық теннисшіні қобалжытты. Алайда жеңіс Еленаға бұйырды, сөйтіп ол 6:3 есебімен жеңді, онымен бірге матч та аяқталды.
Енді "Ролан Гаррос-2023" турнирінің үшінші раундында Рыбакина WTA рейтингінің 132-сатысында тұрған испандық Сара Соррибес Тормомен кездеседі.