Елеусінов жаңа министрден Серік Сәпиевті жұмысқа алуды сұрады

0
1 652

Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда жаңа бес министрлік құрылған еді. Соның бірі Туризм және спорт министрлігі.


Елеусінов жаңа министрден Серік Сәпиевті жұмысқа алуды сұрады

ERNUR.KZ. Танымал боксшы Данияр Елеусінов Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Серік Сәпиевті өз командасына алуды өтінді, деп жазады stan.kz.

Боксшы жаңа Туризм және спорт министрлігінің құрылғанына қуанғанын айтып, оған тәжірибелі мамандарды жинау керектігін жеткізді.

"Жеке Туризм және спорт Министрлігін құрғаны туралы жақсы жаңалықты естідім. Жаңа министрлікті бұрынғы спортшы Ермек Маржықпаев басқарды, бұл екі есе жағымды жаңалық. Ермек Маржықпаев тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Бізге спорттың барлық мәселелерін іштей білетін және мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар спорт адамдары қажет. Онда өз ісінің маманы Серік Сапиевті көру жақсы болар еді. Секе, оралыңыз және біздің спортты олимпиадалық биіктерге көтеріңіз", – деді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда жаңа бес министрлік құрылған еді. Соның бірі Туризм және спорт министрлігі.