Еліміз Кореямен бірлесіп цифрлық трансформацияны қолға алды

0
570

Алғашқы зерттеу жобасы бүгін таныстырылды.


Еліміз Кореямен бірлесіп цифрлық трансформацияны қолға алды

ERNUR.KZ. Құжат Орталық Азияның 7 мемлекеті мен Кавказдың қажеттіліктерін бағалай отырып түзілді, деп жазады 24.kz.

Оны аймақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары мен кореялық жетекші сарапшылар бірлесіп әзірлеген. Онда электронды Үкіметті цифрландырудан бастап, мамандардың біліктілігін арттыру мәселесіне дейін қамтылды.

Былтыр басталған зерттеулер келер жылдың соңында аяқталады. Мамандар цифрландыру ісінде көш бастап тұрған мемлекеттердің озық тәжірибелерін саралап, еліміздің қажеттілігіне қарай бейімдемек.

"Мысалы Славения мемлекетінде кез-келген азаматтың жеке, заңды тұлғаның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасын жария қылатын бағдарлама бар. Сонда мына жемқорлықпен күрестің де ең үлкен алғышартын туындатады. Тазалықтың мөлдірліктің. Сол себептен адамға бағытталған мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда цифрландыру жаңа технологиялар керемет құрал болып табылады. Адамның мүддесіне жұмыс жасайтын. Кейбір қызмет түрлерін цифрландыруды қолға алмас бұрын алдымен оның тиімділігін ескерген жөн. Зерде холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов осындай пікірде. Мәселен, ауылдық жерлерде салық түсімдері аз дейді ол. Ал оны жинауға кететін шығын түскен пайдадан анағұрлым көп екен", - деді Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы, Әлихан Байменов.


"Ауылдық жерлерде өздеріңіз білесіздер салық мөлшерлемесі өте төмен. Оны алу, бюджетке жіберу ол жұмыс істейтін адамның жалақсын төлеу, ғимаратты сақтау оны жөндеу, қызметкерлерге машина даярлау басқа-басқа бюджеттен шығындар олар ақталмайтын шығындар. Біз бір шетінен үкіметті екіншіден адамдарды қинап жатырмыз. Сол сияқты ол бинес процестерден құтылатын болсақ мысалы ауылдық жерлерде салықтан құтылатын болсақ ол үкіметке де жңілдік болады және де ауылдық жерлерде тұрған адамдарға да жеңілдік болады", - дейді "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ Басқарма.., төрағасы, Арман Әбдірәсілов.