Елімізде 100 мыңға жуық мүгедек бала бар

0
555

Мәлімдеуінше, нәрестелер өлім-жітімі себептерінің жалпы құрылымында перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайдың жетекші себептерінің 2,3%-ға өсуі байқалып отыр. Ал инфекциялық аурулар 2,6%-ға ұлғайған.


Елімізде 100 мыңға жуық мүгедек бала бар

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, педиатриялық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштеріне сырқаттанушылық, алғашқы мүгедектік, нәрестелер мен балалар өлімінің алдын алу жатады.

"0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 2020 жылы 100 мың балаға шаққанда – 96421,7. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11,8%-ға төмен. Жалпы сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында тыныс алу ағзаларының аурулары, 2-орында ас қорыту ағзаларының аурулары, 3-орында нерв жүйесінің аурулары тұр. 2021 жылы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 8,6-ға артты. 2019 жылы нәресте өлімінің көрсеткіші 8,37", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Мәлімдеуінше, нәрестелер өлім-жітімі себептерінің жалпы құрылымында перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайдың жетекші себептерінің 2,3%-ға өсуі байқалып отыр. Ал инфекциялық аурулар 2,6%-ға ұлғайған.

"2022 жылғы 1 қаңтарға мүгедек балалардың жалпы саны – 98,2 мың, 2020 жылы – 94,6; 2019 жылы - 91,6. Жалпы мүгедектік құрылымында негізінен 29% - нерв жүйесінің аурулары, 26,4% - туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар, 17,5% - психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстары құрайды", - деді министр.