Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ

0
489

​2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды.


Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ

Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды.

Ағымдағы орташа өнімділік гекатарына 9,1 ц құрап, 12 млн тонна астық бастырылды.

Негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гекатарына 8,3 ц құрап, 8,2 млн тонна астық бастырылды.