Елімізде 17 букмекер кеңсесі лицензиясын тапсырды

0
547

Министрлік бұдан бөлек ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын сот тәртібімен алу бойынша жұмыс істеліп жатқанын айтты.


Елімізде 17 букмекер кеңсесі лицензиясын тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекер кеңсесі өз еркімен лицензиясын тапсырған. Сонымен қатар 2023 жылдың басынан 6 букмекер кеңсесі өз еркімен жұмысын тоқтатты, деп жазады zakon.kz.

Министрлік бұдан бөлек ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын сот тәртібімен алу бойынша жұмыс істеліп жатқанын айтты. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматы залы қызметін тоқтатты. Қазір екі букмекер кеңсесінің лицензиясын алып қою үшін жұмыс істеліп жатыр.

Сонымен қатар министрлік қазір ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатқанын хабарлады.

"Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді. Оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар. Олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі болып жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі", – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.