​Елімізде 190 мектептің құрылысы жүргізіледі

0
938

Қазір республиканың ішінде миграция бар.


​Елімізде 190 мектептің құрылысы жүргізіледі

ERNUR.KZ. Алдағы үш жылда елімізде үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер жойылады. Бұл туралы Қостанай облысында іссапармен жүрген Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп жазады 24.kz.

Құрылыс жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалардан бастау алады. Бүгінде ел аумағында 128 мектеп үш ауысымда жұмыс істесе, 31 білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Айта кету керек, Қостанай қаласының өзінде 1900 оқушы орны жетіспейді. Үш ауысымдық жүйе үш мектепте енгізілген. Ал ғимараты апатты 3 оқу ордасы бар.

Күләш Шәмшидинова, ҚР білім және ғылым министрі:

- Қазір республиканың ішінде миграция бар. Сонымен қатар бала туу көрсеткіші де үлкен. Сондықтан бірінші кезекте тұрған – үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің проблемасын шешу. Ғимараты апатты жағдайда орналасқан мектептердің проблемасын шешу. Дефициті өте үлкен облыстардың проблемасын шешу. Сондықтан үш жылда 190 мектеп республика бюджеті есебінен салынып жатыр.