Елімізде 25 жыл денсаулыққа зиян келтіретін орындарда жұмыс істегендерге арнайы төлемақы берілуі мүмкін

0
662

Жалпы еңбек өтілі кемінде 35 жыл істегендерге арнайы төлемақы қарастырылады.


Елімізде 25 жыл денсаулыққа зиян келтіретін орындарда жұмыс істегендерге арнайы төлемақы берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін арнайы төлемдер енгізу жоспарлануда, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға жауап ретінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, ауыр еңбек ететін азаматтар көтерген мәселелерді шешу бойынша түрлі тәсілдер әзірленді. Қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілмек.

2015 жылға дейін қолданылатын сақтандыру схемасына оралып, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі еңбек жағдайларын жақсартуға жұмсалады. Сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтіруге арналған оңалту шараларына жіберіледі.

Жалпы еңбек өтілі кемінде 35 жыл, оның ішінде 25 жыл зиянды еңбек жағдайында істегендерге арнайы төлемақы қарастырылады. Алайда жеті жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салынып тұруы қажет.

"Қазіргі уақытта бұл санатқа қай қызметкерлер жататыны, қанша алатыны және арнайы төлемдерді жүзеге асыру көзі нақтылануда", – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы кеншілер мен металлургтер үшін зейнетақы жасы төмендетіле ме, жоқ па, жауап бермеді.