Елімізде 5 мың педагог жетіспейді- Мемлекет басшысы

0
1 121

Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.


Елімізде 5 мың педагог жетіспейді- Мемлекет басшысы

ERNUR.KZ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде айтты, деп жазады baq.kz.

Ол білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.

Бірінші мәселе. Ұстаздардың біліктілігін арттыруымыз керек. Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген. Халқымыз келешектің кілті – білімде екенін терең түсінген. Сол себепті, ұстазды ерекше қадірлеген,- дейді Мемлекет басшысы.

Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды.

Алайда қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет, - дейді Мемлекет басшысы.