Елімізде 5 мың шақырымнан астам жол ақылы болады

0
2 360

Премьер-министр жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.


Елімізде 5 мың шақырымнан астам жол ақылы болады

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шаралары қаралды, деп жазады zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту мақсатында қозғалысы қарқынды бірқатар трассаны ақылы ету бойынша жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді.

I кезең аясында ұзындығы 5,5 мың км жолдарда бейнебақылау камераларымен, лидарлармен, байланыс антенналарымен және басқа да құралдармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркасы орнатылды. Атап айтқанда, ұзындығы 1,5 мың км I санаттағы учаскелер 2021 жылғы қарашадан бастап ақылы болды. Бұл жол төсеміне күтім жасауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және ілеспе инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша I кезең учаскелерінде жүк көліктерінің жүріп өткені үшін ақы алу жүйесін іске қосу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көлікке қатысты болады.

Премьер-министр жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.