Елімізде 80 мыңға жуық жастар деструктивті ағымның топтарына кірген

0
362

ҰҚК төрағасының орынбасары терроризмді интернет-насихаттау белең алғанын атап өтті.


Елімізде 80 мыңға жуық жастар деструктивті ағымның топтарына кірген

ERNUR.KZ. ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев терроризмге қарсы Шанхай ұйымының құрылымы ынтымақтастық кеңесінің 40-отырысында биыл Қазақстанда 80 мыңға жуық жас деструктивті қауымдастықтардың құрамында болғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

ҰҚК төрағасының орынбасары терроризмді интернет-насихаттау белең алғанын атап өтті.

"Террористік қауіп-қатерге жиі ұшырайтын – жастар. Деструктивті қоғамдастықтардағы 80 мыңға жуық адамның алты мыңға жуығы 18 жасқа толмаған”, – деді Сейсембаев.

Сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте 10 мың экстремистік электрондық алаңдар бар.