​Елімізде алғашқы қоңырау қай күні соғылады

0
8 617

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн оқитыны да белгілі болды


​Елімізде алғашқы қоңырау қай күні соғылады

фото: wellness.co.ua

ERNUR.KZ. 2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі дайындық және бірінші сынып оқушылары ақпан айында қосымша жеті күн демалады, - деп жазады Sputnik.

Еліміз бойынша 1 қыркүйек, сенбі күні мектептерде алғашқы қоңырау соғылады.

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сүйене отырып, Астана қаласы білім басқармасы, оқу жылының басталуы ауыспайтыны туралы хабарлады. Оқушылар жылдағы дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні партаға отыратын болады.

Оқу жылының ұзақтығы мектепке дейінгі дайындық сыныптары үшін – 32 апта, бірінші сыныптар үшін – 33 аптаны құрайды. Ал, 2 сынып пен 11-ші және 12 сыныптар - 34 оқу аптасын білімге арнайтын болады.

Демалысты асыға күтушілер үшін, 2018 жылдың күз айында жеті күн (29 қазан мен 4 қарашаны қоса алғанда), қыста он күн (2018жыл 31 желтоқсан мен 2019 жыл 9 қаңтар қоса алғанда) және көктемдік демалыста 13 күн (21 наурыз бен 2 сәуірді қоса есептегенде) демалатын болады.