Елімізде баспананы жалға алу құны көтерілді

0
252

Өткен жылдың статистикасы 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылмен салыстырғанда жалға алу мөлшерлемесінің 4,3 пайызға артқанын көрсетіп отыр.


Елімізде баспананы жалға алу құны көтерілді

ERNUR.KZ. Қаңтарда елімізде баспананы жалға алу құны аздап көтерілді. Бұл туралы Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты, деп жазады inform.kz.

«Өткен жылдың статистикасы 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылмен салыстырғанда жалға алу мөлшерлемесінің 4,3 пайызға артқанын көрсетіп отыр. Ешқандай өзгеріс күтілмейді. Барлық баға еліміздегі жалпы экономикалық көрсеткіштер мен инфляция деңгейі аясында өзгереді. Сұраныс тұрақты сақталады. Әдеттегідей, эконом-сегменттегі стандартты өзгерістерді тамыз-қыркүйек айларында байқаймыз», - деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне.

Осы орайда, сарапшы баспананы жалға алу бағасы сұраныстың төлем қабілеті мен ұсыныстың ықпалы негізінде қалыптасатындығына баса назар аудартты.