​Елімізде берілетін шағын несие көлемі ұлғаяды

0
1 330

Несие мерзімі жеті жылды құрайды.


​Елімізде берілетін шағын несие көлемі ұлғаяды

фото: koltushi24.ru

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының шағын несие беруді көбейту тапсырмасына орай құжатқа жаңа ережелер енгізілді, деп жазады 24.kz.

Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылар саны жаңа кәсіпкерлермен толығады. Мұндай мәліметті Үкімет отырыснда ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов жеткізді.

Бұрын жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер қатыса алмайтын. Енді мұндай шектеулерді алып тастауға байланысты берілетін шағын несие көлемі ұлғаяды. Осыған орай бірнеше облыста микроқаржы ұйымдары құрылған.

Сыйақы мөлшерлемесі алты пайыздан аспайды. Несие мерзімі бес жылды құрайды. Ал мал шаруашылығы мен өзге де ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін несие жеті жылға дейін беріледі.

2018 жылы қалаларда микрокредиттеуге 13,9 млрд теңге бөлінді. Осылайша қала мен моноқалаларда 1311 жоба қаржыландырылды. Егер кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлерге микрокредитті 85 пайызға дейін кепілдендіру ұсынылады. Осылайша былтыр 2,8 млрд тг сомасында 484 кепілдік келісімшарты жасалған. Ал биыл қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлерге 2000 шағын несие беру жоспарланып отыр.